5.06.2018, 9:54
Оқылды: 61

Зеленов ауданында Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

«Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің нышаны» атауымен өткен мерекелік шараны жастар авто және велошерумен бастады.

 Аудан орталығындағы «Достық» үйінен бастау алған шеру Гагарин, Жеңіс, Фрунзе, ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл, Кең дала көшелерімен өтіп, орталық алаңға бас тіреді.

Орталық алаң сахнасына салтанатты түрде Мемлекеттік Ту кіргізіліп, Мемлекеттік Гимн шырқалды.

Тәуелсіздігіміздің басты нышандарын ұлықтаған мерекелік шара басында аудан халқын мерекемен құттықтап сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Ринат Шәуенов:

- Кез келген елдің елдігін, мемлекеттің мәртебесін айқындайтын басты құндылықтары болады. Ол – елдің шекарасы, Астанасы және Мемлекеттік Рәміздері. Елтаңба мен Көк Туға, Гимнге құрмет – тарихқа құрмет. Өйткені, мемлекеттік белгілеріміз – елдің құты, ырыс-қасиеті, - деді құттықтауында.

Салтанатты шара барысында көпшілікке рух берер әндер шырқалып, аудан жастары атынан «Жастық - Молодость» ЖҚБ төрағасы Сағыныш Нұржан мен еңбек ардагері Николай Анципрович ақжарма тілектерін жолдады.

 Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале