29.05.2018, 12:42
Оқылды: 84

Зеленов ауданында ойын және спорт алаңы ашылды

 

Зеленов ауданы Белес ауылдық округінде балаларға арналған ойын және спорт алаңы ашылды.

Мемлекеттік «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатқа тұрғызылған ойын алаңының ашылу салтанатында сөз алған ауыл әкімі Бекзат Бадақов: -Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында салынған осы бір шағын кешен ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалануға және бұқаралық спортты дамытуға септігін тигізеді деп сенеміз,-деді.

DSC_00371 маусым халықаралық балалар күніне орай ашылған ойын алаңы белестік балақайларға тамаша көңіл күй сыйлады. Үлкендері шағын футбол алаңында доп тепсе, кішілері ойын алаңындағы сырғанақтарға мініп, әткетшекте ойнады. Алаңның ашылуына ауыл әкімдігі арнайы шақырған аниматор мен түрлі ертегі кейіпкерлері балалармен бірге би билеп, жұмбақтар жасырып, ашылу салтанатының сәнін кіргізді.

Болашақта бұндай ойын және спорт алаңдары ауданның тағы бірнеше ауылына салынбақ.

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале