Елімізде бизнесті қолдау мақсатында қолға алынған бағдарламалардың бірі - «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы.
Аталмыш бағдарлама екі компоненттен тұрады: қаржылық және бейқаржылық.
Қаржылық бөлігін «Даму» іскерлік қоры жүзеге асырса, бейқаржылықты – «Атамекен» ҰКП жүзеге асырып келеді. Бейқаржылық бөлімінің де бірнеше тармағы бар. Оның бірі – сервистік қызмет көрсету.
2016 жылдан «Атамекен» ҰКП бейқаржылық бизнеске тағы екі компонент қосты: Олар – «қызметтік байланыс» және «аға оқытушы»
«Қызметтік байланыс» дегеніміз – ел кәсіпкерлеріеің тәжірибе алмасу мақсатында шетелдерге шығуға мүмкіндік алуы.
Ал «Аға оқытушы» компонеті болса, керісінше үздік мамандардың елімізге келіп, дәріс беруіне толыққанды жағдай тудырады.
Аталмыш компонент бойынша Зеленов кәсіпкерлік палатасы жанындағы «Прогрес» дара кәсіпкерлігінің жетекшісі Жанар Хабибуллаева ауданға келген шетелдік маманды қабылдады.
«Прогрес» дара кәсіпкерлігі 2016 жылдан балаларды ағылшын тілінде оқыту грантын ұтып алған болатын-ды.
Бүгінгі күні бұл шағын орталықта 5-17 жас аралығында 30 шәкірт білім алуда.
Шеберлік сыныбын өткізу мақсатында Түркия елінен ағылшын тілінің мұғалімі, баламен жұмыстану ісінде тәжірибелі ұстаз Гызылгюль Балибакова арнайы келді.
Тәжірибелі маман Г.Балибакова зеленовтық өрендерге екі күндік шеберлік сабағын жаңа әдістеме түрінде ойын технологиясы бойынша өткізді.
Николай БЕРЕНДЯЕВ,
Назерке ТАЛҒАТОВА
Зеленов ауданы