Аудан орталығы Переметный ауылында Зеленов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
50-ден астам жұмыс іздеуші жас маман қатысқан жәрмеңкеде жұмыс берушілер тарапынан 130 бос орын жастар назарына ұсынылды. Оның ішінде аудандық білім беру бөлімі ұсынған сұранысқа сәйкес, ауылдық мектептерге 100-ден астам мұғалім қажет екен.
Жәрмеңке барысында электромонтер мамандарына да сұраныс жоғары екендігі байқалды. «Белес Агро» ЖШС-нің өкілі кәсіпорынға 7 электр маманы керек екендігін айтады.
Сонымен қатар жәрмеңке барысында жұмыс іздеуші жастар арнайы мамандардан кеңес алды.
Ендігі уақытта олар жәрмеңке қорытындысын күтпек.
Ертай БИМҰХАНОВ
Зеленов ауданы
zhaikpress.kz