7.02.2018, 16:24
Оқылды: 48

Зеленов халқының 41,2 пайызы ғана таза ауыз сумен қамтылған

Зеленовта ауылдарға таза ауыз су құбырын тарту жұмыстары жалғаса береді. Бұл туралы аудан әкімі Асхат Шахаров өзінің халық алдындағы есептік кездесуінде мәлімдеді.

Өткен 2017 жылы ауданда Ақжол, Павлов, Көшім, Щапов, Володар ауылдарына су құбыры тартылған. Сондай-ақ Макаров ауылында бір көшеге су құбыры жүргізілді. Қазір ауданның жалпы су құбырымен жабдықталу көлемі  148,2 шақырым. Орталық сумен жабдықталған 28 елді мекен немесе 5039 аула бар. Ол  ауданның 41,2% құрайды. Шахталық құдықтарды пайдаланып отырған 37 елді мекен бар. Олардың  үлес салмағы - 54,4%. Тасымалданатын сумен 3 елді мекен қамтылуда, ол халықтың  4,4% құрайды.

Сондай-ақ ауданның кейбір шағын ауылдарына биыл газ жеткізу жұмыстары қолға алынбақ. Макаров округіне қарасты Факел ауылына көгілдір отын тартуға жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Бұдан бөлек, Кирсанов, Красный свет, Мирное, Владимировка, Кіші Шаған, Павлов және Горбунов ауылдарына газ тартуға құжаттама жасақталуда.

zhaikpress.kz

Сурет: Айбатыр Нұраш

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале