6.09.2018, 17:43
Оқылды: 44

Зеленовта 8 айда 1360 ұсақ құқықбұзушылық іс қаралған

 

          Зеленов ауданына қарасты Дариян ауылында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша қоғамдық келісім ұйымының отырысы болып өтті.

2018-08-29 11-30-24

Аудан әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен отырысқа аудандық ІІБ басшысы Ә.Сары, Приурал аймақтық полиция бөлімінің бастығы С.Жұмағұлов, аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмағұлов, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары В.Шохина, учаскелік инспекторлар, ауыл ақсақалдары, мектеп директорлары қатысты.

Жиынды ашып, жүргізген аудан басшысы А.Шахаров осыдан бір ай бұрын Дариян ауылында орны алған қылмыстық оқиғаға байланысты өткен жиында қабылданнан шешім бойынша бір ай мерзім ішінде қоғамдық қауіпсіздік органдарының атқарылған жұмыстары жайында тыңдалым болатындығы жөніне тоқталды.

Одан соң сөз алған Приурал аймақтық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Р.Көшекпаев белгіленген жоспар бойынша құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша жүргізілген жұмыстар жайын баяндады.

Әсіресе, спирттік ішімдіктерді заңсыз сатқан тұлғалар, ұсақ бұзақылығы үшін тәртіп бұзғандарға қолданған шаралардың нәтиже бере бастағандығына тоқталды.

           Сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор Н.Биссалиева да атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

Оның сөзінше, 8 айдың ішінде 1360 ұсақ құқықбұзушылық іс қаралып, түн мезгілінде көшеде жүретін жасөспірімдер қадағалауға алынған.

Тамыз айында есепке алынған 26 жасөспірмнің ата-анасына ескерту жасалған болса, ескертуді елемеген Январцев, Дариян ауылы азаматтары есепке алынған.

Бүгінде бұл ата-аналарға байланысты тиісті шаралар қолданылуда. Сонымен қатар Дариян ауылындағы жастар қоғамдық бірлестігімен бірігіп, түрлі тақырыптарда кездесулер мен акциялар ұйымдастырылған.

            Шара соңында аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ә.Сары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамсыз ету мәселесі туралы шолу жасап, алдын алу жайында баяндады.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале