22.02.2017, 16:13
Оқылды: 40

Зеленовта асық атудан біріншілік өтті

Зеленов ауданы орталығында асық атудан аудан біріншілігі өтті.  Ұлттық спортты одан әрі дамытып, өскелең ұрпақ арасында дәріптеу мақсатындағы сайысқа аудан орталығында үш мектептен бөлек Егіндібұлақ, Батурин, Новенький және Шалғай ауылдарынан келген спортшылар қатысты.


Жарыс қорытынды бойынша, 1999-2003 жылғы спортшылар сынында ІІІ орынды Иван Бондаренко, ІІ орынды Әлібек Сатаев еншілесе, І орынды Эльдар Бөлеков жеңіп алды.

2004-2006 жылдары туған қатысушылар бәсекесінің қорытындысында ІІІ орын Армат Кеңеске, ІІ орын Эльдар Жұмаевқа, І орын Сергей Козловскийге бұйырды.

Жарысқа қатысқан ең кіші спортшылар сайысы да көрермендердің көңілінен шықты. ІІІ орынды Досымжан Тұрдықұл, ІІ орын ұпайлары тең түскен Алтынбек Маюков пен новенькийлық Әли Жалмурзинге бұйырса, І орынды Мансур Габдушев қанжығасына байлады.

Асық ату сайысы қыздар арасына да өтті. Бұл жарыста ІІІ орын Ольга Гоголеваға, ІІ орын Адиля Мурзагалиеваға бұйырса, бас жүлденіь Рәмзия Өтепова еншіледі.

Ал жалпыкомандалық есепте ІІІ орын Камень, ІІ орын Переметный, І орын Батурин мектебіне бұйырды.

Жарыс жеңімпаздары мен қатысушыларына бағалы сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале