3.10.2018, 12:20
Оқылды: 44

Зеленовта футбол турнирі өтті

Зеленов ауданы орталығында аудан атын алты қырдан асырған футболшы А.Терехов пен спорт ардагері, талай өренді футбол өнеріне баулыған бапкер А.Любавинді еске алуға арналған шағын футбол жарысы өтті.

SAM_4360

               Орал қаласы мен алыс-жақын аудандардан және Ақтөбе қаласынан келген 12 команданың басы қосылған жарыстың ашылу салтанатында А.Тереховтың әкесі Г.Терехов пен А.Любавиннің ұлы С.Любавиндер жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Екі күнге созылған жас аяқдопшылар жарысының қорытындысында ІІІ орын Орал қаласынан келген Ақжайық командасының бірінші құрамына бұйырса, ІІ орынды Ақжайық командасының екінші құрамы еншіледі. Ал бас жүлдені Сырым ауданының командасы қанжығасына басты.

Сондай-ақ команданы алға сүйреп, көрермен көңілінен шығар ойын көрсете білеген зеленовтық Данияр Жұманиязов «Үздік жартылай қорғаушы», теректілік Арсен Мануков «Үздік шабуылшы», сырымдық Әскер Наурызбаев «Үздік қақпашы», Оралдан келген Теміржан Мурзағалиев «Үздік қорғаушы» атанса, тағы бір оралдық өрен Рахым Тұрдалиев турнирдің «Үздік ойыншысы» аталымына қол жеткізді.

Бұдан бөлек ең көп гол соққан Ақжайық командасының ойыншысы Мирлан Ғабдолла жарыстың сұрмергеніне берілген арнайы жүлдені ұтып алды.

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда.

SAM_4375

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале