23.05.2017, 12:01
Оқылды: 54

Зеленовта көктемгі егіс жұмыстары қарқын алды

Zelenov koktemgi egis  Қазіргі таңда диқандар ылғал жабу жұмысын толығымен аяқтаған. Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің берген мәліметіне сенер болсақ, жоспарланған 167,5 мың гектар жерде ылғал жабылыпты. Сондай-ақ култивациялау жұмысы мен жер жырту науқаны да толығымен аяқталған.


  Қазіргі таңда тұқым дәрілеу жұмыстары жүріп жатыр. 11109 тонна тұқым дәрілеуді жоспарлаған шаруалар ол жұмыстың 35,3 пайызын аяқтап қойыпты. Егіс жұмыстары да қарқынды жүруде. Күн райы да шаруаларға қарасып тұрғандай. 100,5 мың гектар жерге жаздық дәнді дақылдар егуді жоспарлаған диқандар ол жұмыстың 67 пайызын орындаған. Жаздық дақылдар қазір 68,1 мың гектар жерге егілген. Сондай-ақ сұлы, дәнді құмай мен ноқат егу жұмыстары да ойдағыдай жүргізіліп жатыр.

  Майлы дақылдарды егу жұмысының 92,2 пайызы аяқталған. Бұл 23,9 мың гектар жерге майлы дақылдар егілді деген сөз. Майлы дақылдардың ішінде аудан шаруалары күнбағысқа көп көңіл аударуда. Аталмыш дақылды 25,4 мың гектар жерге егу жоспарланыпты. Ол жұмыс 81,9 пайызға орындалыпты. Шаруалар қыша, мақсары, зығыр сияқты майлы дақылдарды да егуді бастады. Осы аталған дақылдар кең көлемде егілмесе де мамандар жақсы өнім алуға болады дегенді айтуда.

  Мал азығын дайындау ісі де жүргізіліп жатыр. 19,4 мың гектар жерге көпжылдық және біржылдық шөп егуді қолға алғандар ол істің 27,7 пайыз жұмысын бітір қойыпты. Бақша дақылдырын егуді де ұмытпайтын шаруалар картоп, түрлі көкөністер мен басқа да бақша дақылдарын егуді ойдағыдай жүргізіп келеді.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале