Зеленов аудандық балалар саз мектебінің алдына «Мен музыканы сүйемін!» атты декоративті композициясы қойылды.
Өскелең ұрпақты әлем халықтарына ортақ тіл музыканы сүюге, өнерді қадір тұтуға шақырар декоративті композицияның ашылу салтанатында сөз алған аудандық балалар саз мектебінің директоры Ләззат Қажығалиева ұжым табыстары мен жетістіктерін мақтанышпен жеткізді.
– Саз мектебі биыл жаңа оқу жылын 150-ден астам оқушымен бастап отыр. Мектепте домбыра, фортепиано, қобыз, прима, дәстүрлі ән тағы басқа сыныптарға қоса, таңдау пәндері де жүреді.
Бізден тәлім алған өрендердің көбісі Астана, Алматы қалаларына табысты еңбек етуде. Біз әркез ардагерлеріміз бен шәкірттерімізді мақтан етеміз! – дейді Ләззат Майданқызы.
Ертай БИМҰХАНОВ,
Суреттерді түсірген
Түгелбай БИСЕН
Зеленов ауданы