21.12.2018, 10:46
Оқылды: 58

Зеленовта жаңа цех іске қосылды

Трекин ауылында шырын және консервіленген жеміс-жидек пен көкөніс шығаратын цех ашылды. Аталмыш цехтың іске қосылу шарасына ауыл тұрғындары мен аудан әкімі Асхат Шахаров қатысты.

 IMG_7997

Аудан басшысы Асхат Берлешұлы бүгінде кәсіпкерліктің кең қанат жаюы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасы екендігін тілге тиек ете келе, ауданымыздағы кәсіпкерлік саласының қарқын алып келе жатқандығына тоқталды. Сондай-ақ жаңа цех жұмысының жандануына сәттілік тіледі.

- Аграрлық несие корпорациясының қолдауымен 100 млн. көлемінде несие алып, бүгінгідей цех ашқалы отырмыз. Цех күніне 10 тонна шикізат, ал жылына 3000 тонна тауар өңдеуге қауқарлы. Мұнда жұмыстар маусым бойынша жүргізілмек. Мәселен, қыс мезгілінде шырындар өңделсе, жаз маусымында қияр, қызанақ тағы басқа жеміс-жидектен түрлі салаттар жасалатын болады. Мұнда жұмысқа шамамен 100-150-ден астам адам алынатын болады, - дейді DMD production ЖШС директоры Мәди Әбуғалиев.

Мәди Шахидоллаұлының айтуынша, шырын өңдеуге қажетті шикізат Алматы қаласынан әкелініп жатқан көрінеді. Ал бау-бақша дақылдары келешекте облысымызға қарасты аудан-ауылдардағы бағбандардан алынбақ. Сонымен қатар келешекте өндірілген өнім өңірімізбен қатар көршілес елдерге және басқа облыстарға шығарылатын болады.

IMG_7975 IMG_8038 IMG_8041

Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ,

Зеленов ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале