12.03.2023, 23:38
Оқылды: 16

«Жағдай қалыпты, Ресей жақтан су күтіп отырмыз»

Бұл ақпаратты бізге Казталов ауданы әкімінің орынбасары Ғаділбек Әлібеков баяндап берді.

WhatsApp Image 2023-03-12 at 21.37.55

— Бүгінгі таңда Қараөзенге жоғарғы жақтан (Ресейден) келетін тасқын суды күтіп отырмыз. Бүгінгі ақпаратқа сүйенсек, Саратов облысының Александров-Гай ауданы аумағындағы Приузенск су қоймасынан сек. 60 текше метр су жіберілді. Біздің территориямызға 2 күнде жетеді деп жоспарлануда. Су келген уақытта Қараөзенде мұз кептелісін болдырмау үшін «Қазсушар» мекемесінің мамандарымен бірлесе жұмыстанып, өзен бойындағы бөгеттерді ашып жатырмыз. Атап айтар болсақ, Ғайса, Жиеш, Мәнти бөгеттері ашылды. Соның салдарынан өзендегі судың деңгейі түсті. Бөгеттерді ашпасақ, Қараөзенде мұз кептелісі орын алып, өзен бойындағы елді мекендердің суға кету қаупі туындайды. Соның алдын алу мақсатында жұмыстанудамыз. Қазір жағдай бір қалыпты. Қажетті техникалар дайын. Ресейдегі әріптестермен де хабарласудамыз. Соңғы мәліметтер бойынша, Ресейдің Орлов-Гай су қоймасынан Қараөзенге сек. 650 текше метр су жіберілгені туралы ақпарат түсті. Күндіз-түні кезекшілік қойып, өзен деңгейін бақылауда ұстап отырмыз, - деді Ғаділбек Әлібекұлы.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале