29.04.2024, 12:59
Оқылды: 7

Жайдарман Жаңажолда

Талай жастарды биік шыңдардан көрсетіп жүрген "Жайдарман" ойынының орны ерекше. Қоғамға үлестерін қосып, еліміздің рухани байлығын кеңейтуге, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға ат салысып жүрген өнерлі де талантты жастар өңірімізде баршылық.

440423836_3946779515639623_2094478914523932161_n

Осы орайда Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен Жаңажол ауылында «Жаңажол ауылдық мәдениет үйінің кубогы» атты аудандық жайдарман ойындары өтті. Оған «Атмосфера» (№3 ЖОББМ), «Жастар құрамасы» (Х.Нұрымғалиев атындағы ЖОББМ), «Комфорт» (Пятимар ауылы), «Фристайл» (Көпжасар ауылы), «Европа» (Бірлік ауылы), «5К» (Жаңажол ауылы), «KAZANKA» (Жаңақазан ауылы), «КМК» (Карманов «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені) құрамалары қатысты.

438255630_3946779252306316_6575527036377752182_n

Әзіл-қалжың кеші шығармашыл жастардың шеберлiктерiн жетiлдiре түсіп, көрермен көңілінен шыққан ойын тартысты әрі қызықты өтті.

Әділ қазылардың шешімімен І орынды Жаңажол ауылының «5К», ІІ орынды «KAZANKA» командасы иеленді.  ІІІ орынды «Комфорт», «Европа» және «Фристайл» құрамалары бөлісті. «Үздік ойыншы» бағамы бойынша «Комфорт» командасының ойыншысы Саят Нұрболатұлы марапатталды. Сонымен қатар «Жастар құрамасы»  мен «КМК» командасына «Шанхай» ps клубының сертификаты,  «Атмосфера» командасының ойыншысы Сатыбалды Ақанға және «Фристайл» командасының ойыншысы Жандәулет Әзидоллаұлына қазылар алқасының мүшесі, жас кәсіпкер Ернұр Жұмасейттің Barbershop сертификаты және  «KAZANKA» командасының ойыншысы Жолдығали Әсем және «Комфорт» командасының ойыншысы Даниярқызы Толқынға «Dosdent» тіз тазалау сертификаты табысталды. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды.

438224585_3946779275639647_8691929840110808916_n

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале