7.06.2023, 16:58
Оқылды: 25

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Бөрлі ауданына жұмыс сапарымен облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов келіп, бірнеше әлеуметтік нысанды көріп, мектеп директорларымен кездесті. Алдымен облыс әкімінің орынбасары Ақсай қалалық №5 орта мектебін көрді. Мұнда биыл  «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы аясында 24 оқу кабинеті толығымен жаңартылған еді.

WhatsApp Image 2023-06-07 at 16.37.16

Жобаның басты мақсаты ауыл мен қала мек­тептеріндегі білім сапасының айыр­машылығын жоққа шығару, сөйтіп оқушылардың сапалы білім алуына, пе­да­гогикалық ұжымның әлеуетін дамытуға, мектепте қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Қанатқақты жоба елімізде «Білім саласын тұрақты дамыту» қорының 2019 жылдан бері атқарған жұмысының негізінде ұйымдастырылған. Жаңа жо­баны «Қазақстан халқына» қоры, «Білім саласын тұрақты дамыту» қоры мен Назарбаев зияткерлік мектеп­те­рі бірлесіп қолға алған болатын.  Айта кетерлігі жоба аясында тек мектеп жаңа кейіпке еніп қоймай, ұстаздардың біліктілігін арттыруға да мән берілген. Яғни, педагогтердің кәсіби дайындығы, қосымша курстар мен семинарлар, Назарбаев зияткерлік мектептері мамандарымен тәжірибе алмасу бағдарламасы іске асты.

WhatsApp Image 2023-06-07 at 16.37.17

Жаңаша кейіпке енген білім ордасының бүгінгі тынысы Бақытжан Хаберұлымен бірге Сырым, Бөкей орда және Жәнібек аудандарының білім беру бөлімі басшылары мен мектеп директорлары тамашалады. Өйткені биыл аталған үш аудандағы мектептерді жаңарту жоспарланып отыр.  Мектептегі STEM-зертхана, арт-студия, робототехника, замануи кітапхана, спортзал құралдары, көркем еңбек, тігін шеберханасы, психолог, логопед кабинеттеріндегі заманауи жабдықтарды «Білім саласын тұрақты дамыту» қорының менеджері Аслан Айтахметов меймандарға  толығымен таныстырды.

WhatsApp Image 2023-06-07 at 16.37.25

Одан соң Бақытжан Нарымбетов ауданның мектеп директорларымен кездесті. Ол мектеп басшыларына сапалы кадр таңдауға мән беріп, олардың біліктілігін арттыруға күш жұмсау керектігін айтты. Әрі білім саласының локомотиві Бөрлі ауданы боларына сенімін білдірді.

-«Білім саласын тұрақты дамыту» және «Қазақстан халқына» қорларымен тығыз жұмыс жасай байтадық. Бірінші жобамыз осы Ақсай қаласындағы №5 мектептен басталды. Өзіңіз көріп тұрғандай өзгерістер керемет. Бұнымен тоқтап қалмаймыз. Алдағы үш жылдың ішінде Бөрлі ауданының білім саласы танымайтындай болып өзгереді. Көп жоба қолға алынады. Оның ішінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады. Іргедегі ірі кәсіпорынмен қолға алынған жоба аясында жаңа қосымша білім беру нысандары, шағын жинақты мектептер салынады. Бұдан бөлек, осындай оқушылармен жұмыс жасауға арналған заманауи құрал-жабдықтар келеді. Сондықтан өңірдегі білім саласындағы жетістіктер Бөрлі ауданынан басталса екен деймін. Оған сіздердің тәжірибелеріңіз жетеді, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

 

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале