15.12.2022, 14:45
Оқылды: 104

Жайықта жаңа медпункт ашылды 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Медицина саласының негізгі міндеті — өмір сүру ұзақтығын арттыру, азаматтарымыздың денсаулығын жақсарту.  Ол үшін кәсіби білікті кадр даярлау ісі мен профилактикалық жұмыс күшейтіледі, ауыл медицинасы қалпына келтіріледі. Әрбір қала, аудан орталығы, ірі ауылдарда сапалы медициналық көмек көрсетілетін болады. Ауылдық жерде жаңа құралдармен жабдықталған, білікті медицина қызметкерінен жасақталған 700 жаңа медициналық нысан ашамыз. Бұл – Әділетті Қазақстанның маңызды басымдығының бірі» деген болатын. 

IMG-20221215-WA0012

ҚР  Тәуелсіздік күні қарсаңында Теректі  ауылдық окургіне қарасты Жайық ауылында су жаңа медициналық пункт ашылды. Төрт жүзден астам халқы бар аталмыш ауылдың тұрғындары үшін бұл көптен күткен қуаныш.

IMG-20221215-WA0008

Айта кетейік,  жобалық-сметалық құны 52 662,0  теңгені құраған, жалпы ауданы – 90 шаршы метр болатын ғимараттың бір ауысымда 17  адамды қабылдау мүмкіндігі бар.

IMG-20221215-WA0010

Салтанатты ашылу шарасына қатысқан БҚО денсаулық сақтау басқармасы  басшысының орынбасары Гүлнар Әбдірахманова сөз алып, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, аудан әкімі Тілек Габдушев те ауыл тұрғындарын құттықтады.

IMG-20221215-WA0006

– Еліміз үшін маңызды мереке қарсаңында  бой көтерген жаңа мекеме облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аудандық аурухананың қаржысын үнемдеу арқылы салынып отыр. Осы арқылы сапалы медициналық қызмет қолжетімділігі арта түседі.

Жайық жұртшылығына мықты денсаулық тілеймін, - деді Тілек Александрұлы.

Аз ғана уақыт ішінде  ғимарат құрылысын салған  бас мердігер,  «Баталасу» ЖШС  директоры Александр Василец медпункттің кілтін Теректі аудандық ауруханасының басшысы Дархан Хайрушевке табыстады.

Ауыл тұрғындары атынан сөз алған Айған Қазиева ақ батасын беріп, лента қию рәсімін жүргізді.

Балнұр Қанаева, 

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале