18.11.2021, 12:30
Оқылды: 92

Жақсылық жасап жарысайық

Көңілі кең қазақтың басы қосылса жақсылық жасауға асығып тұратыны баршамызға аян. Себебі қайырымдылық жасау қазақтың қанында бар қасиет. Бүгінде осы құндылықты бойынан жоғалтпаған жомарт жандар қайырымдылықты жарыса жасауда. "Қарты бар үйдің қазынасы бар" деген қағиданы жанына серік еткен Бәйтерек ауданы Белес ауылдық округі бастауыш партия ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен "Жақсылық жасаудан жалықпа" атты қайырымдылық шарасы өтті.

22

Аталмыш шараға "Нұр Отан" партиясының мүшесі, каратэ WKC вице президенті, ҚР-ның спорт шебері Фархад Жалмурзин белсенді қатысып, зейнеткер, қамқорлығында екі немере тәрбиелеп отырған  қарт ананың хал-жағдайын сұрап, азық-түлікпен қамтамсыз етті. Мұндай жомарттықты күтпеген зейнеткер өзіне қамқорлық танытып жүрген азаматтарға алғысын айтып, жасаған жақсылықтарына ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар қайырымдылық шараның ұйымдастырушылары мектеп оқушыларының бастамасымен, жалғыз басты қария, тыл еңбеккері Елена Константиновнаның үйіне бас сұғып,  үй тірлігіне қол ұшын берді. Аталған игі шара арқылы оқушылар жақсылық жасау адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі екендігін түсіне білді.

Ғұмыры ғибратқа толы қарттармызды құрметтеу және оларға жақсылық жасау абыройлы іс. Белестік белсенділердің игі бастамасы жалғасын табады деген сенім мол.

Альбина Бәйтенова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале