Орал қаласында қол күресінен ересектер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті. Чемпионатқа 10 команда 100-ге жуық спортшы қатысты.
Орал қаласы, Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Казталов, Жаңақала, Теректі, Сырым, Қаратөбе, Жәнібек аудандарының келген спортшылар бақтарын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша, соның ішінде жеке есепте 80 келі салмақта Жалғас Берікғалиев жеңімпаз атанса, 90 келі салмақ дәрежесінде Рахат Көшкенғали IІ орыннан көрінді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломы мен медальдары берілді. Спортшыларды мықты бапкер Марал Төлешев жаттықтыруда. Орын алған қос спортшымыз Қазақстан Республикасының чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы