26.02.2024, 12:15
Оқылды: 24

Жалғызбасты әйелге жаңа образ жасап берді

8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында жақсылықтың жаршысы болып жүрген Жәнібек ауданы кәсіпкерлерінің дәстүрге айналған игі ісі жалғасын тапты.

408864232_952601190202889_9090874115274487761_n

Нақтырақ айтсақ, Гүлфия Қауденова, Анар Өтешева, Самал Гайсина, Майгүл Наурызалиева, Ақжарқын Омарова, Асыланбек Нығметовтен құралған бір топ кәсіпкер жұмыспен қамту бөлімі арқылы адал табысын тауып жүрген Айман Қарасаева есімді жалғызбасты келіншекке бір күндерін арнап, жаңа образ жасап берді.

 - Ол – жалғызбасты келіншек. Ұлы Ресейде жұмыс жасайды. Оның жұмыспен қамту бөлімі арқылы әйел адамға расымен қиын көрінетін, қара жұмыс жасап жүргенін үнемі көреміз. Сол үшін де бұл жолы төртінші кейіпкеріміз ретінде Айманды таңдадық. Қыз-келіншектердің мерекесі қарсаңында оған көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өмірге жаңаша көзқарасын қалыптастырғымыз келді. Әр әйел бақытту болу үшін жаралған, - деді ұйымдастырушы Майгүл Бәсерқызы.

 Кәсіпкерлер кейіпкерге жаңа шаш үлгісін жасап, бет-жүзі мен тырнағын әрлеп, әдемі көйлек,хош иісті гүлдер сыйлаған һәм ақшалай сыйлық берген. Айман Уәлиоллақызының жүзі бал-бұл жайнап, дән риза болды.

Айсұлу Жұмабай,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале