Бүгін Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібеков округ тұрғындарымен кездесіп, осы күнге дейінгі округ бойынша атқарылған жұмыстарға кеңінен мағұлымат берді. Жиынға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев пен бөлім басшылары қатысты.

Ауылдағы жүзеге асар мәселелердің тетігін табу жолындағы есепті жиында округ әкімі мерзімді уақытта атқарылған жұмыстарды баяндап, шешімін тапқан және шешімін табу жолында әлі де орындалып жатқан мәселелерге тоқталды.
Жиын барысында ауыл тұрғындары округтегі түйткілді мәселелер туралы ой қозғап, аудан және ауыл әкіміне, аудандық бөлім басшыларына көкейдегі сауалдарын жолдады. Атап айтсақ, жиында тұрғындар тарапынан ауылішілік көше жолдары, апатты деп танылған ғимараттар, ауылдық әкімдік ғимаратының жай-күйі, ауруханаға қажетті мамандар, түлектер тарту еткен нысандарды теңгерімге алып жөндеу, қаңғыбас иттерді оқшаулау сияқты көптеген мәселелер көтерілді.

Жиын барысында көтерілген кейбір мәселелерге аудан әкімі Асланбек Сарқұлов жеке-жеке тоқталып, аудан әкімдігіне қатысы бар жағдайларға толыққанды жауап берді.
Жиын соңында аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы тұрғындардың мәселеріне қатысты жеке қабылдау өткізді.
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы