13.09.2024, 15:30
Оқылды: 83

Жалпақтал колледжінде қаржылық сауаттылықты арттыру курсы өтті

9-13 қыркүйек аралығында Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінде болашақ жас мамандар мен колледж ұстаздарының қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында бес күнге жалғасқан оқыту-семинары өтті.

BA7DB5C9-0382-4144-A5F8-7A8FDCD8CCA8

Оқыту семинарына қатысқан колледж студенттеріне қатысқанын растайтын сертификаттар табысталды.

Аталмыш оқыту семинарын «Ұлы Дала» ауыл бизнесін дамыту ассоциациясының қаржы сарапшысы Динара Сағынғалиқызы өткізді.

Жобаға қатысушылар семинарға қатыса отырып өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды, қаржыға қатысты проблемалық мәселелер қалай пайда болатынын, несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігінен хабардар болып, қаржылық білімдерін кеңейтті.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале