1.07.2025, 14:30
Оқылды: 119

Жалпақтал халық театры үздіктер қатарында

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына арналған аймақтық халық театрлары фестивалінде Мұхамбетжан Ғұмаров атындағы Жалпақтал халық театры зор табысқа қол жеткізіп, үздіктер қатарынан көрінді.

IMG-20250701-WA0014

Бейбіт Қайырғалиұлы бастаған Жалпақтал Мәдениет үйінің өнерпаздары Халиолла Нағиев, Мержан Дүйсенов, Анар Мусина, Нұрхат Жалмұханов, Ерлан Аманжолов, Гүлхан Елемесова, Шайзада Елжанова, Азамат Дүйсеков, Шалқыма Меркулова, Гүлмира Серғазиева, Елжан Хасанов, Әдемі Оразғалиева, Әлішер Ерболат Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған «Азаппен келген даңқ – мәңгілік» атты бейнепоэтикалық композицияны сахналап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Қойылым режиссері Шалқыма Меркулова, бейне жұмыстарды дайындаған Елжан Хасанов.
Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облысы бойынша  қатысқан 11 театр арасынан Жалпақтал халық театры жүлделі III орын алса, театр режиссері Шалқыма Меркулова «Үздік режиссура» аталымына ие болды.

IMG-20250701-WA0029
Бұл көрсеткіш осынау шағын ұжымның үлкен өнерге деген адалдығының, ұрпаққа жалғасқан рухани мұраны қастерлеудің, кәсіби үлгісі болып табылады.
Жүлде құтты болсын, жерлестер! Мұхамбетжан Ғұмаров атындағы Жалпақтал халық театры ұжымына алда да жаңа табыстар мен биік белестер тілейміз.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале