11.04.2017, 17:19
Оқылды: 56

Жалпақталда аралда қалған бес үйге қайықпен қатынауда

????????????????????????????????????

   Қараөзен арнасына толып, су сыртына шығып жайылғанда, Жалпақтал ауылындағы «Автобаза» аумағындағы бес тұрғын үй ауылдан бөлініп, оқшау қалған болатын. Кешеден бастап Ақжайық аудандық №6 жедел құтқару жасағы келіп, кезекшілік міндеттерін мінсіз атқаруда.


  Оқшау қалған бес үйдің тұрғындарының айтуынша, қазіргі уақытта жағдайлары қалыпты. Құтқарушылардың қайығы арқылы қатынас жасауда. Көпірдің бұзылып қалғанына қиналады.

    Өзін Жанармын деп таныстырған сол аймақтың тұрғыны:

    -Құтқарушылар түстен кейін келді. Қызым сабаққа бара алмай қалды. Қазір орталықпен қатынасымыз жақсы. Көпір түзелмей, қатынас әзірге болмайтыны белгілі. Бірақ құтқарушылар кеткеннен кейін қатынасымыз қайта үзіледі. Сол жағы қиындау болып отыр,-дейді.

????????????????????????????????????

      Ал Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Нұретдин Ихсанұлы қалыптасқан жағдай жөнінде былай деді:

-Бұған дейін де Қараөзен арнасына толғанда қайықпен қатынас жасау екі жерде ұйымдастырылатын. Оның бірі «Автобаза», екіншісі «Тубдиспансер» аймағы болатын. Бұрынғы әкімдердің бірі Данияр Қайратовтың еңбегінің арқасында сол «Тубдиспансер» аймағына жаңадан жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынып, қазір рахатын көруде. Енді, міне, «Автобаза» аумағындағы тұрғындар үшін бар мүмкіншілігімізді жасап, қолдан келгенше көмек көрсетілуде, - дейді.

    Ақжайық аудандық №6 жедел судан құтқару жасағының қызметкері Алдан Жомартұлы суда қалған бес үймен қайық арқылы қатынас жасалып жатқандығы, тұрғындар үшін төніп тұрған қауіптің жоқ екенін айтты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ

 Жалпақтал ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале