25.03.2021, 21:15
Оқылды: 62

Жалпақталда ас беру мәзірі бекітілді

Жалпақтал мешітінде Батыс Қазақстан облысы бойынша имамдардың кураторы, дінтанушы-теолог, бас имам Нұралиев Тлек қажы Ахмеджанұлының төрағалығымен имамдардың IV республикалық форумында қабылдаған құжаттарды, «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті» және «Зияткер имам» құжаттарын кеңінен насихатауға арналған алқалы жиын өтті.

IMG-20210325-WA0046

Жиынға Казталов ауданына қарасты мешіт имамдары, Жалпақтал мешітінің алқа мүшелері, Казталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, аудандық ақсақалдар алқасы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нағым Ризуанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Абишова, Жалпақтал ауылдық округі әкімі Алия Жақсыбаева, зиялы қауым өкілдері және қоғамдық бірлестіктердің төрағалары қатысты.

IMG-20210325-WA0079

Бұл құжаттар діни рәсімдерді бірізділікке салуға көмектеседі, біздің мақсатымыз осы құжаттарды халық арасына кеңінен дәріптеу. Егер халыққа толық түсіндіру жұмыстары жасалатын болса, халқымыз қойылған талаптарға бағына отырып, ас мәзірін жасауға да үйреніп кететіндігі даусыз.  Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы еліміздегі басқа да діни ұйымдар секілді, зайырлы елдің қағидаттары бойынша өз нұсқауларын елге көрсетіп, бағыт-бағдар беріп отыр. Казталов ауданы бойынша жаназа және садақаға берілетін ас мәзірі бекітілді.

Жалпақтал мешітінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале