30 наурызда Жалпақтал ауылы әкімі Әлия Жақсыбаева мен Қазталов аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Марина Мұхамбетқалиева Жалпақтал ауылындағы барлық сауда орындарының, мекеме-ұйымдардың, жамағат жиналатын мешіт пен ауыл көшелерінің санитарлық тазалықтарын тексерді.
Тексеріс барысында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Марина Мұхамбетқалиева әлемді жаулаған жаман індеттен қорғану жолдарын түсіндіріп, қоғамдық орындар басшыларына арнайы жадынамалар таратты.
Алдағы уақытта осындай бақылаулар мамандар тарапынан күшейтілетін болады.
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы
zhaikpress.kz