18.02.2024, 9:00
Оқылды: 130

Жалпақталда балық аулаудан «Алтын балық – 2024» сайысы өтті

Кеше Жалпақтал ауылдық округі әкімдігі мен «Айбын» спорт клубы және «Қос Өзен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен Жалпақтал ауылын екіге бөліп, ағып жатқан Қараөзен өзені үстінде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Алтын балық – 2024» сайысы өтті.

IMG-20240217-WA0071

Әуесқой балықшылар арасындағы қысқы сайысқа алпысқа жуық балықшы қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында Казталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, «Қос Өзен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Әлібек Сартаев құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы балықшыларға сәттілік тіледі.

Үш сағатқа созылған сайыс тартысты өтіп, әуесқой балықшылар олжаға кенелді.

IMG-20240217-WA0075

Қызықты сайыс қорытындысында жүлделі І орынды Медет Сағынғалиев, ІІ орынды Бекболат Молдашев, ІІІ орынды Антон Вологин жеңіп алып «Алтын балық – 2024» сайысының үздіктері атанса, Нүркен Қажиақпаров «Ең үлкен балық иесі», Азиза Ақылбекқызы «Ең кішкентай балық иесі», Талғат Төлегенов «Ардагер балықшы», Алтынбек Айтжанов «Жас балықшы» аталымдарына ие болды. Ал ойық оюдан өткен жарыста І орынды Нұржан Мантиев, ІІ орынды Тимур Қыдыров, ІІІ орынды Мейірбек Батырханов өзара бөлісті.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы және ақшалай сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыс етіліп, ұйымдастырушылар тарапынан жарысқа қатысқан барлық балықшыға шынайы алғыс білдірілді.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале