14.10.2025, 21:00
Оқылды: 84

Жалпақталда интеллектуалдық ойын өтті

Бүгін Жалпақтал мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «AMANAT IQ: Ойлы ұрпақ — озық ел» атты интеллектуалдық ойыны өтті.


IMG-20251014-WA0037

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған айтулы шараға «Шипагер» (№2 аудандық аурухана командасы), «Зерде» (Балабақша тобының біріккен командасы), «Достық» (Жалпақтал ауылдық округі командасы), «Шабыт» (Кенжебек Меңдалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің командасы), «Мәдениет» (Жалпақтал Мәдениет үйі мен «Өнер» мектебінің біріккен командасы), «Genzed» (Ғинаят Молдашев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің командасы) командалары қатысып, ойынды «AMANAT» партиясы облыстық филиалының саяси қызмет бөлімінің меңгерушісі Ажар Нұралы мен «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі бөлімінің меңгерушісі Зарина Қайырова жүргізді.
Білім мен табандылықтың, жылдамдық пен ұтқырлықтың, жауапкершілік пен ұйымшылдықтың сайысын дәлелдеген жарыс өте қызықты өтті. Ақыл мен ойдың бәсекесінде өздерінің біліктілігін танытқан командалар арасынан суырылып алға шыққан «Достық» командасы ІІІ орын, «Genzed» командасы ІІ орын, «Зерде» командасы І орын иеленіп, өз ұжымдарына қуаныш сыйлады.
IMG-20251014-WA0042
Сенім үрдісінен шығып, биік мақсатпен алға ұмтылған барлық командаларға олардың сүйікті көрермендері мен жанашыр жанкүйерлерінің атынан алғыс айтып, жеңістеріңіз құтты болсын дейміз.

Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале