1.10.2024, 0:00
Оқылды: 4

Жалпақталда Қариялар күні мерекесіне орай спорттық жарыс өтті

Бүгін 1 қазан – Халықаралық қариялар күні мерекесіне орай Жалпақтал ауылында «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен спорттың теннис, дойбы, шахмат, шығыршыққа доп лақтыру түрлерінен ауыл ардагерлері арасында жарыс өтті.

IMG_2458

Аталмыш жарыста шахматтан ІІІ орынды Қыдыр Абдрахманов, ІІ орынды Ернияз Құспанов, І орынды Төлеген Сүйінішқалиев иеленсе, дойбыдан ІІІ орын Талғат Ғабдуллинге, ІІ орын Қанатқали Бисенғалиевке, І орын Рахмет Сәтиевке бұйырды. Теннистен ІІІ орынды Амангелді Кенжеғалиев, ІІ орынды Ернияз Құспанов, І орынды Берік Ибрашев, шығыршыққа доп лақтырудан ІІІ орынды С.Зверов, ІІ орынды Г.Хайдарова, І орынды Ш.Балахметова иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Кубоктармен, дипломдармен, марапатталды.

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале