30.07.2025, 19:00
Оқылды: 502

Жалпақталда «Кемеңгер» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Казталов ауданы, Жалпақтал ауылдық кітапханасында Батыс Қазақстан облыстық архивінің Жалпақтал ауылындағы филиал директоры Миржан Қарабалиннің авторлық құрастыруымен жарыққа шыққан «Кемеңгер» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді.

IMG_8381

Өлке өңірінің тарихын сипаттауда тәрбиелік маңызы аса зор жаңа басылымның тұсау кесер рәсіміне «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің кадр және ұйымдастыру, бақылау бөлімінің басшысы Бауыржан Оспанов, осы мекеменің жетекші маманы Аманғали Мәрленұлы, Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық музейінің меңгерушісі Ахмедияр Батырханов, Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Хайырлиев пен ауданның көптеген зиялы қауым өкілдері қатысып, жаңа кітаптың кейіпкері Кенжебек Меңдәлиев жайлы құнды пікірлері мен кітап авторы Миржан Маратұлының алда атқарар еңбегіне шығармашылық табыстар тіледі.

IMG_8341 (1)
Жаңа кітаптың басты кейіпкері мемлекет және қоғам қайраткері Кенжебек Меңдәлиев жайында құнды деректерді кең көлемде ұсынатын бұл басылымда архивтен алынған маңызды мәліметтер мен әріптес інілерінің естелік жазбалары және жергілікті журналистер мен ақындардың өлеңдері де қамтылған.

IMG_8341
Жаңа кітаптың лентасын қию салтанатын жергілікті еңбек ардагерлері Болат Бекешев пен Кенжебай Үмбетов жүзеге асырып, Мәдениет үйі қызметкерлері мен кітапхананың бүлдіршін оқырмандары әннен шашу шашып, Кенжебек Мәңдәліұлына арналған жергілікті ақындардың арнау өлеңдерін оқыды.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале