Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұлов жұмыс сапарымен Жалпақтал ауылдық округіне барды. Бұл жөнінде Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жалпақтал ауылдық округі әкімі аппаратында аудан әкімінің төрағалығымен округ активінің жиыны өтті. Жиынға округ әкімі Ғаділбек Әлібеков, салалық бөлім, мекеме басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Келелі жиында қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Кенжебек Меңдәлиевтің 110 жылдық мерейтойын атап өту, қысқа дайындық жұмыстары, тұрғын үй сынды бірқатар мәселелер қаралды. Аудан әкімі салалық бөлім, мекеме басшылары мен округ әкіміне жиында көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.
Аудан әкімі Жалпақтал ауылына жұмыс сапары барысында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға алдын ала жазылған Жалпақтал және Қараөзен, Жаңажол ауылдық округінің тұрғындары аудан әкіміне тұрғын үй, жер, ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер жөнінде өтініштерін айтты.
Асланбек Ахметоллаұлы тұрғындардың өтінішін ескере отырып, заңға сәйкес түсінік беріп, жауапты бөлім басшылары мен округ әкімдеріне тапсырмалар берді.
Қабылдаудан соң аудан әкімі тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысып, құрылыс қарқынын арттырып, сапаны бақылауда ұстауды тапсырды.