Қазталов ауданы Жалпақтал ауылдық округінде жергілікті кәсіпкер Альбина Сәрсенғалиева «Жалпақтал» шағын сауда орталығын ашты.
Дүкенде киім-кешек, тұрмыстық химия сатылады. Сонымен қатар бұнда нан өнімдерін пісіріледі. Орталықта жалпы тауардың 10000 түрі бар.
-Бүгінгі таңда 8 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Толықтай заманауи техникалармен жабдықталып, осы сауда орталығында нан өнімдері өндіріледі. Ашылу күніне орай ең көп сауда жасаған тұтынушыға сыйлықтар беріледі,-деп бізбен әңгімелескен жеке кәсіпкер Альбина Сәрсенғалиева өзінің жұмыс жоспарымен бөлісті.
Жаңажол ауылында да жаңа дүкен пайдалануға берілді. Жаңа дүкеннің иелері ерлі-зайыпты Талғат Аманжолов пен Айнұр Жақсыбаева.
Бүгінде Жаңажол ауылдық округінде 9 жеке кәсіпкер жұмыстанып келеді. Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Тілепберген Қонысов кәсіпкерге ісіне сәттілік тіледі.
Тұрарбек АҚМУРЗИН,
Жалпақтал ауылы