Бүгін Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібековтің ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы жүзеге асырылып, мейірбандық айлығы шеңберінде Жалпақтал ауылында тұратын бір топ аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы жанұяларға күнделікті қажет азық-түлік тағамдары тегін таратылды.
Сурет: freepik.com
Әлеуметтік жағдайды түсініп, қайырымдылық қолын созған ауыл әкімі Ғаділбек Әлібекұлы мен жергілікті әкімдік қызметкерлеріне көмек алушылар риза болып, шынайы алғысын білдірді.
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы