21.02.2020, 9:36
Оқылды: 98

   Жалпақталдағы өнер мектебі жаңа ғимаратқа көшті

   Ауылдық жердегі өнерлі шәкірттерді елу жылға жуық тәрбиелеп, өнер мен білімді ұштастырып келе жатқан Жалпақтал өнер мектебінің ұстаздары мен оқушылары жаңа қонысқа көшіп, жайлы орынға қоныстанды.

jalpaktal (5)

jalpaktal (3)

 

jalpaktal (4)

Заман талабына сай, жан-жақты білім беруге қолайлы ғимаратқа орналасқан ұстаздардың қуаныштарында шек жоқ.

– Өнер мектебіне лайық жайлы орынның табылмай жүргеніне көп болды. Бұрынғы мектеп ғимараты өте ескі әрі тар болатын. Өнерпаз балалардың қалыпты білім алуларына орынның жайсыздығы көп кедергі келтіруші еді. Заманауи үлгідегі ауылдың бел ортасында орналасқан кең де жарық ғимаратқа қолымызды жеткізген аудан әкімі Альберт Темірболатұлына алғысымыз шексіз дейді олар.
Қазталов ауданы бойынша облыс әкімінің өкілі Айдар Батырханов, аудан әкімі Альберт Есалиев пен аудандық, облыстық мәслихат депутаттары арнайы келіп, жаңа қонысқа көшкен ұжымның қуанышымен бөлісті.

jalpaktal (2)
– Ел экономикасы құлдыраған кешегі қиын-қыстау кезеңде де мектебіміздің есігіне құлып салынбаған еді. Ұжымымыз жаңаша инновациялық бағдарламаларды қорғап, талай шәкірттерді түлетіп ұшырды. Осы еңбегімізді жоғары бағалап, қажет кезде жайлы ғимарат ұсынған аудан әкімі Альберт Темірболатұлына шексіз алғысымызды білдіреміз, – деді «Қазақстанның құрметті ұстазы» Бейбіт Мұқанов.
Болашақта жергілікті биліктің шынайы қамқорлығын сезінген өнерлі өрендер түрлі байқауларда аудан мерейін үстем етеді деп үміттенеміз.
 

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале