17.08.2023, 18:00
Оқылды: 16

Жалынды жастар марапатталды

Шыңғырлау ауданының 95 жылдығы аясында ұйымдастырылған кешенді шаралардың бірі «Жалынды жастар – болашақ кепілі» тақырыбымен өтті.

Жалынды жастар

Өткен жылы да, биыл да жастарымыз аудандық, облыстық, қала берді республикалық, тіпті халықаралық дәрежедегі жарыстарда спорт, өнер, білім салаларынан табысқа қол жеткізіп келеді.

Осы шарада да аудан намысын қорғап, жүлделі орындарды мүлт жібермей жүрген бірқатар жастардың мерейі тасыған күн болды. Ауданда жастар саясатын, спортты дамытуға қолдау көрсетіп келе жатқандығы үшін аудан әкімі М.Өмірәлиевтің алғыс хатымен еріктілер Галя Тажмұханова мен Светлана Тенишева марапатталды.

Жасындай жарқ етіп, жүзден жүйрік шығып, облыс көлемінде жаңадан ашылған есімдер қатарына енген «Бөкенбай батыр» көкпар командасын да айтпай кетуге болмас. Команда жетекшісі Бекболат Файзуллин де орынды мадақтауға лайық.

Бұқаралық спортты дамытқаны үшін Б.Файзуллин, ұлттық спортты насихаттаушы М. Мендалиев және осындай алғыс хат республикалық «Мен де жұлдыз боламын» сайысының жеңімпазы, Түркия елінің Финике қаласында өткен туризм және өнер фестивалінде І орын иеленген Серік Ислам да аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің атынан алғысхатпен марапатталды.

Назым Айқын,

  Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале