Бүгін Жаңақала аудандық спорт кешенінде орналасқан мұз айдынында аудандық мешіттің және «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен қыс мезгіліне тура келген қасиетті айлардың бірі Раджаб айының құрметіне орай сырғанақ тебуден жарыс өтті.
Раджаб – қасиетті үш айдың бірі. Бұл ай тәубе, құрмет және ғибадат, ал Рамазан жақындық пен нығмет айы болып табылады. Зуннун Мысри былай дейді: «Раджаб тұқым себу, Шабан айы егінді суару, ал Рамазан болса, жемісті жинау айы».
Бұл айларды құрметтеу күнәлардан алыс тұру және ғибадат ету арқылы жүзеге асады. Құрмет көрсеткен адам оның марапатын алады.
Сайысқа мешіт жамағатынан тоғыз адам қатысып, бақтарын сынады.
Жарыстың қорытындысы бойынша Нұрбек Жүнісов жеңіске жетті. Нұрлыбек Өтепқалиев ІІ орынды қанжығасына байласа, Нұрлыбек Ақмергенұлы ІІІ орынға табан тіреді.
Р.Хамзина,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz