26.07.2021, 11:19
Оқылды: 80

Жамағат садақ тартып, күш сынасты

Жуырда Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық округіне қарасты Асан елді мекеніндегі мешіт жамағаты арасында садақ атудан сайыс өтті.

садақ ату7

Асан ауылдық мешіті имамы Мұратбек қажы Жахатовтың ұйытқы болуымен өткен сайыста карантин ережелері қатаң сақталды. Табиғат аясындағы спорттық шараға қатысушылар садақ атудан бөлек гір тасын көтеру, арқан тартыс, қол күресінен сайысқа түсті. Сондай-ақ білім сайысы ұйымдастырылып, жиналғандарға дін жөнінде викториналық сұрақтар қойылды.

Садақ ату

Садақ тарту сайысының қорытындысында жеңімпаз атанғандарға сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар білім бәйгесі мен басқа да жеңімпаздарға ұйымдастырушылар бағалы сыйлықтар берді.

Садақ ату5 (1)

-Сайысты ұйымдастырудағы басты мақсат ұлттық құндылықтарымыздың дәріптеу және ұлттық спортқа деген қызыуғышылықты ояту болды. Кейінгі ұрпақты мергендікке, шапшандылыққа, ептілікке баулитын спорттық ойындарды насихаттау арқылы атадан қалған мұраның ізін жалғау біздің міндетіміз. Осы ретте іс-шараның өтуіне септігін тигізіп, демеушілік еткен «Шапағат шамшырағы» қоғамдық қорына Асан ауылының тұрғындары атынан алғыс білдіреміз, - дейді Асан ауылдық мешітінің бас имамы Мұратбек қажы Жахатов.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале