Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжанов бастаған тиісті сала басшылары Жамантау кен орнына барып, "ATVS Technic" ЖШС-нің басшылығымен кездесті.
Жамантауда аудан аумағындағы республикалық жолдың құрылыс жұмыстарына қиыршық тас пен шағыл тастар өндірілетін болады.
Осы жұмысты жүзеге асыру үшін жұмысшыларға арналған қалашықтар тұрғызылуда. Жамантау өнімдері Сайқын ауылында жинақталып, болашақта ауыл көшелеріне пайдалану жоспары құрылды. Сәуір айының соңында арнайы техникалары мен тастарды ұсақтағыш құрылғылары да жеткізілмекші.
Жамантау өнімдерін пайдалану облыс орталығына қатынайтын жол құрылысы шығынын едәуір азайтпақшы. Жол құрылысына аса қажетті қиыршық тас облыста жоқ. Ең жақын дегенде Ақтөбе облысынан тасымалдау керек екен.
Ұлпан Жакина
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz