14.06.2022, 20:52
Оқылды: 61

Жаңа әдебиеттермен танысты

Бүгін Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Қоғамдық сананы жаңғырту» жобасы аясында «Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте» атты библиофреш өтті.

526d17c7-2a69-4d4c-a1da-d2774355d3f9

Атаулы шарада кітапханашылар «Қоғамдық сананы жаңғырту» жобасы аясында ұлттық бірегейлікті қалыптастыру бағытында ауданның мемлекеттік қызметшілеріне өлкетанушы Нұртас Сафуллиннің кітаптарын және кітапхана қорындағы жаңа әдебиеттерді таныстырды.

3928c59a-c291-4c2c-b4b3-abd71ed20e56

Өлкетанушы Нұртас Набиоллаұлы өзінің «Аласармайтын  асқар тау», «Өрісті өнер өнегесі», «Дария күйдің кемесі», «Туған жер тарихы» атты туындылары туралы қысқаша баяндап, шығармашылық ізденістер кезінде кездескен қызықты оқиғаларды әңгімеледі.

8026fc3c-53bf-4405-b2b9-7ed981996c70

Нұртас Набиоллаұлы мемлекеттік қызметшілер тарапынан қойылған сауалдарға да жауап берді.

Кітапханашы Нұржауған Жәңгірқызы шараға қатысушы мемлекеттік қызметшілерді кітапхана қорына жаңадан келіп түскен кітаптармен таныстырып, жаңа әдебиеттерді алып оқуды ұсынды.

41b93758-5d1e-48ed-9827-ab9dfd888faf

Шараға қатысушы мемлекеттік қызметшілер кітапханадан өз таңдаулары бойынша кітаптар алды.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале