Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай және отбасы күні аясында Теректі ауданы Шалқар ауылында отбасылық сайыс өтті. Оған «Отбасы – бақыт мекені» деген ұранды ту еткен жанұялар белсенді қатысты. Бес кезеңнен құралған спорттық шарада үш отбасы бақ сынады, олар – Тұяқов, Досмурзин, Әділғалиевтардың жанұялары.
Отбасылық құндылықты дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау, ата-ананың қоғамдағы, ұрпақ тәрбиелеудегі орнын айқындау, жас ұрпақты елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан мәдениет орталығының қызметкерлері, сайысты жоғары деңгейде ұйымдастырды.
Қатысушыларға дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Балнұр Қуанышқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz