8.08.2024, 18:10
Оқылды: 68

Жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 29-бабының 1-тармағына, 30-бабының 1-тармағына сәйкес аудан әкімінің 2024 жылғы 7 тамыздағы №197-ө өкімімен Казталов ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

FB_IMG_1723122290506

Жаңа басшыны аудан әкімі Асланбек Сарқұлов ұжымға таныстырып жұмысына сәттілік тіледі.

Айбар Аңсарұлы 1997 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Әжібай ауылында дүниеге келген.

2018 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2018 жылдың шілде айында  Казталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау және мемлекеттік қызметтер бөлімінің машықкері қызметінен бастады.

FB_IMG_1723122293513

2019 жылдың тамыз айынан Казталов ауданының жер қатынастары бөлімінің статист маманы.
2020-2021 жылдары Казталов ауданының  жер қатынастары бөлімінің бас маманы.
2021-2023 жылдары Казталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы.
2023 жылдың қаңтар-қараша айлары Казталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас инспекторы.
2023 жылдың қараша айынан бастап Казталов ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

 

Казталов ауданы

 әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале