17.02.2024, 16:30
Оқылды: 81

«Жаңа дауыс» – жанды дауыс – жаңа жоба

Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен "Жаңа дауыс" аудандық музыкалық жас таланттар байқауының бірінші кезеңі өтті.

image-16-02-24-07-24-1

Мектеп жасындағы жас өнерпаздардың шығармашылық қызметін арттыру, тума таланты бар балаларды өнер жолына бағыттау, патриоттық сезімін ояту, тәуелсіз елге деген құрметін күшейту – жобаның басты мақсаттарының бірі болып табылады. Байқау шарттары бойынша, аталмыш жоба 3 кезеңнен тұрады. Өтінім берген 22 үміткердің барлығы жанды дауыспен еркін тақырыпта ән шырқап, өз бақтарын сынап көрді.

image-16-02-24-07-24

Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының балалар мен жастар бөлімінің меңгерушісі – Меңдігүл Нысанбайқызы, аталмыш мекеменің әдістеме бөлімінің меңгерушісі – Жанболат Болатұлы және әдіскер бағдарламашы Анита Қанатқызы тәлімгер ретінде тағайындалып, орындау шеберліктерімен алға шыққан 12 үміткерге (әр тәлімгер 4 өнерпаздан) ғана келесі кезеңге жолдама берді. Жоба сәуір айына дейін жалғасын табатын болады.

image-16-02-24-07-24-4

- Мен вокал үйірмесіне қатысып, өзімнің жаңа қабілеттерімді ашып, шыңдалып жүрмін. Жас талант ретінде жаңа байқауда өзімнің бағымды сынамақ болып, дайындықты бастаған болатынмын. Ырғағы мен көркемдік деңгейі сәйкес келетін өлеңді тауып, сахнаға алып шықтым. Қобалжу мен қатар қатты толқығаным да рас. Барша үміткерлердің арасынан үздік деп танылып, келесі кезеңге жолдама алғаныма қатты қуаныштымын. Алдағы уақытта осындай байқаулар жалғасын таба берсе екен деп тілеймін. Менімен бірге бағын сынайтын барша жас өрендерге тек сәттілік тілеймін. Ал мен тартысты кезеңге өз дайындығымды жалғастырамын, – дейді жоба қатысушысы Ұлдана Мақсотқызы.

image-16-02-24-07-24-3

Ақерке Ғилымхан, 

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале