2.06.2022, 17:40
Оқылды: 7

Жаңа Қазақстанды бірге құрайық

Мемлекеттегі аса маңызды мәселелерді шешудің бірден-бір жолы - бүкілхалықтық дауыс беру арқылы референдум өткізу. Тарихқа көз жүгіртсек, елімізде референдум соңғы рет 27 жыл бұрын, яғни 1995 жылы өтіп, бүгінгі қолданысымыздағы Конституция бекітілген.

WhatsApp Image 2022-06-02 at 12.49.35

Биыл Мемлекет басшысы Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсына отырып, бүкіл халық болып дауыс беру арқылы Ата заңның өзгеруі халықтың еркін білдіре алуының айрықша көрінісі екенін атап өтті. Президент ұсынған реформалар - ел өмірінің барлық саласын қамтитын кешенді жоспар. Сол себепті, ол өзгерістерді енгізуге әрбір Қазақстан азаматының атсалысуы қажет. Әр қазақстандықтың пікірі ел тағдыры үшін маңызды.

5 маусымда Қазақстан халқын үлкен серпіліс, жаһандық өзгеріс күтіп тұр. Халық болып жаңа референдумға өз үлесімізді қосатын уақыт жетті. Жаңа Қазақстанды бірге құруымыз қажет. Еліміздің тарихында қалатын ерекше оқиғаға үлес қосу - сіз бен біздің парызымыз, азаматтық борышымыз. Халық үніне құлақ асатын мемлекет құрылады. Ендеше, үнімізді бірге естіртейік!

Шолпан Какижанова,

Ақжайық жалпы орта білім

беретін мектебінің директоры,

Теректі аудандық мәслихат депутаты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале