13.08.2026, 16:30
Оқылды: 26

Жаңа оқу жылы: ең бастысы білім беру сапасын арттыру

2026-2027 жаңа оқу жылы басталуға да аз ғана уақыт қалды. Бұл өте маңызды кезең. Мектептердің оқу процесіне дайындығы барлық  ата-ананы толғандырады. Жаңа оқу жылының  қарсаңында  ауданымыздың  білім беру жүйесі 42 бірліктен тұратынын  (8 негізгі, 16 орта мектептер, 14  балабақша, 4 мектептен тыс мекеме) білеміз. Ал енді жалпы аудан мектептерінің жаңа оқу жылына  дайындығы жайында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айымгүл Тржановамен сұқбат құрған едік.

WhatsApp Image 2026-08-10 at 11.09.13 (1)

Айымгүл Мақсотқызы, әңгімемізді мектепке  дейінгі мекемелерден, яғни ең кішкентайлардан бастасақ.

Ауданда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласы 28 мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. Оның ішінде 14 бөбекжай, 12 мектеп-бөбекжай-балабақша кешені, 2 жеке бөбекжай. Мектепалды сыныпта 651 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен 2725 бала қамтамасыз етілуде, қамту көрсеткіші 2-6 жас аралығында -95%, 3-6 жас аралығында –100 % құрайды. Қазіргі таңда кезекте 423 бала тұр.

Аудандық мектепке дейінгі ұйымдарында 279 педагог, оның  ішінде педагог-модератор -  128, педагог-сарапшы – 22, педагог-зерттеуші-20. 2025-2026 оқу жылында мектепке дейіінгі ұйым педагогтерінің облыс көлемінде 16 озық педагогикалық жұмысы таратылса, аудан көлемінде 18 жұмыс таратылып, педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті. Мектепке дейінгі ұйымдардың облыстық деңгейдегі жеткен  жетістіктері туралы айтсам: Иманбаева Гульмира Есенамановна, Ақсай қаласының 4 ЖОББМ-нің мектепалды сынып тәрбиешісі, “Педагогикалық идеялар панорамасы”  “Математикалық сауаттылық” аталымында  III орын, Нығметжан Зейнұр Саламатқызы, Ақсай қаласының №6 “Шаңырақ” бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі ”Шебер әке,өнерлі ана, еңбекқор бала”  байқауында III орын, Алимгалиева Альбина Еркиновна, Ақсай қаласының №8 “Өркен” бөбекжайының тәрбиешісі  “Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі”  байқауында II орын, “Педагогикалық идеялар панорамасы”  конкурсының “Шығармашыл толқын бағыты” - III орын, Нуралиева Галия Аленовна,  Ақсай қаласының №3 “Гүлдер” бөбекжайының музыка жетекшісі  «Үздік жетекші-үздік нәтиже» байқауында II орынға ие болды.

Ауданның 10 бөбекжайында облыстық «Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту зертханасы қызмет етеді.                                Ақсай қаласының №1 бөбекжайы, Ақсай қаласының №2 бөбекжайы,Ақсай қаласының №3 «Гүлдер» бөбекжайы, Ақсай қаласының №4 «Айгөлек» бөбекжайы, Ақсай қаласының№5 «Ертегі» бөбекжайы, Ақсай қаласының №6 «Шаңырақ» бөбекжайы, Ақсай қаласының №7 «Айналайын» бөбекжайы, Ақсай қаласының №8 «Өркен» бөбекжайы, Ақсай қаласының №9 «Наурыз» бөбекжайы, Ақсай қаласының №10 «Алтын бесік» бөбекжайы, «Ақ Сұңқар», «Арман», «Арай», «Жұлдыз» бөбекжайларында «Taza Qazagstan» ұлттық жобасы аясында   «Жасыл мектеп» және «Жасыл балабақша» бастамаларымен үйлестіре отырып, аудандағы мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

682065831_18099679430054817_361506187516759952_n

Ал енді мектеп дегенде ең бірінші жаңашылдық, білім берудегі заманауилық, жаңа заманға сай мектептер   ойға оралатыны рас. Сондықтан дәстүрлі тамыз мәслихатының алдындағы әңгімемізді жаңа мектептер бағдарламасынан  бастасақ. Осы жобалардың мектептердің материалдық-техникалық жағдайларын жақсартуға көмегі қандай?

Бұл жобалардың көмегі орасан деп айтуға болады. 2025 жылы мектептердің материалдық-техникалық базаларын нығайту мақсатында 279 224,5 млн теңге бөлінді. Ал  «Ауыл мектебі: тең мүмкіндіктер» жобасы аясында «Қазақстан халқына»  қоғамдық  қоры арқылы «Желкен» қоры  есебінен - 245574,3 мың.теңгеге  (химия, физика, биология, STEM лаборатория ) кабинеттер жабдықталды.  Республикада «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Ақсай қаласының Ихсанов көшесінің бойында 300 орындық мектеп және Пугачев ауылында 300 орындық мектеп қолданысқа берілді. Жаңа оқу жылында үш ауысымда оқитын мектеп -1, ол Ақсай қаласының №7 ЖОББМ, аталған мәселені шешу мақсатында 2024 жылы Ақсай қаласының 13 ықшамауданында 900 орындық мектеп құрылысы басталып, қолданысқа беру үшін құжаттар рәсімделуде. 2025-2026 оқу жылында Ақсай қаласының №1 ЖОББМ, Пугачев  МББК «Келешек  мектептері» ұлттық жобаға  енді. Келешек  мектептердің  жеке даму портреті жасақталды. Келешек мектептердің жұмысын ұйымдастыру мақсатында Ақсай қаласының №1 ЖОББМ және Пугачев МББК педагогтері «Келешек мектептердегі трансформация: білім сапасын арттырудағы практика мен нәтиже» тақырыбында  өткен облыстық семинарға қатысты,  шығармашылық топ құрылып, білім беру бөлімінің әдіскерлері және  аудан  педагогтері келешек мектептердің мұғалімдерінің  сабақтарына қатысып, мектептердің жеке даму портреті жасақталды.  Сонымен бірге «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы негізінде Бөрлі ауданы білім беру ұйымдарынан 4 Тірек мектеп таңдалып, оларға 11 шағын жинақты мектептері  бекітілді.   2026 жылдың 22 мамыр күні шағын жинақты мектептің пән мұғалімдері арасынан шығармашылықпен жұмыс істейтін, тұлғалық және кәсіби шеберлігін шыңдауға ұмытылатын  мұғалімдерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған облыстық «Шағын жинақты мектептердің пән мұғалімдерінің олимпиадасының» қорытындысы бойынша 7 педагог жүлделі орынға ие болды: Исмурзиева Асия Мажитовна, Бумакөл МББК биология пәні мұғалімі, Еремаева Юлия Сергеевна, Жарсуат ЖОББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі І орын, Балтабай Ринат Ақылбекұлы, Жарсуат ЖОББМ физика пәні мұғалімі, Муканаева Жанаргуль Кумартаевна, Кеңтүбек ЖОББМ Қазақстан тарихы пәні мұғалімі ІІ орын, Кажиекова Жадыра Кобландиевна, Қарағанды МББК құқық пәні мұғалімі, Бикеева Галина Владимировна, Жарсуат ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ІІІ орын.

686586758_2468281033685628_2138518634542998775_n

Мектептердегі оқу процестерінде негізгі басымдылық орта білімге беріледі. Өйткені жоғары сыныптарда оқушылар таңдаған мамандықтарына қарай, қарым-қабілеттеріне қарай ыңғайласады, иә. Сондықтан негізгі және орта білім туралы көбірек тоқталсаңыз.  Үлкен жетістіктерге қол жеткізген оқушылар туралы да біле отырсақ.

Ауданымызда негізгі және орта білім беру саласы 24 мектепте жүзеге асады, оның 8 мектебі Ақсай қаласында, 16 мектеп ауылдық жерде орналасқан. 16 жалпы орта білім беретін, 8 негізгі білім беретін мектепте 2025-2026 оқу жылы 10128 оқушы оқыды. 12 мектеп-бөбекжай-балабақша кешені, 11 шағын жинақталған мектеп бар. Оқушылар түрлі облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Оқушының дәл осы кезеңде өз білімін саралап, ұнатқан пәнінен түрлі сындарға түсуі аса маңызды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған олимпиаданың аудандық кезеңіне 205 қатысты, оның 105-сі қала, 100-і ауыл оқушылары. Облыстық кезеңге 15 оқушы жолдама алып, нәтижесінде ІІ орын - 6 оқушы, ІІІ орын - 6 оқушы иеленді.7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңінде 252 оқушы, оның 16-сы ауыл мектептерінен қатысты. Аудандық кезеңнің 14 жеңімпазы облыстық кезеңге жолданып, 1 оқушы І орын, 5 оқушы ІІ орын, 2 оқушы ІІІ орын иеленді.9-11 сыныптардан олимпиадаға 279 оқушысы қатысты, оның 174-сі қала, 105 оқушысы ауылдық мектептерден. Облыстық кезеңге 25 оқушы жолданып, ІІ орын - 3 оқушы, ІІІ орын - 8 оқушы иеленді. Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде Ақсай қаласының №1 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Нияр Дильназ (мұғалімі Чунгульбаева Ұлжан Сагитовна) ІІІ орынмен марапатталды.9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Ауыл мектептері олимпиадасының облыстық іріктеу кезеңіне  ауданымыздан  18 оқушы қатысып, 2 оқушы ІІ орын, 3 оқушы ІІІ орын алды.

Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын ынталандыру және дарынды зерттеушілерді іріктеу мақсатында өткізілген облыстық ғылыми жобалар байқауына 15 жұмыс жолданды. Байқау нәтижесінде 1 оқушы  І орынға,  2 оқушы ІІ орынға ие болды. Республикалық қорытынды кезеңде экономика секциясы бойынша Ақсай қаласының №6 МЛ 11-сынып оқушысы Каржаубаев Ильяс (жетекшісі Аймуратова Джамиля Кабидуллаевна) дипломмен марапатталды.

Республикалық «Зерде» байқауының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының облыстық кезеңіне 2-4 сыныптар бойынша 10 жұмыс, ал 5-7 сыныптар бойынша 12 жұмыс жолданып,  нәтижесінде 3 оқушы І орын, 7 оқушы ІІ орын, 3 оқушы ІІІ орынға ие болды. Республикалық қорытынды кезеңінде информатика, робототехника STEAM инженерия секциясы бойынша Ақсай қаласының №3 ЖОББМ 4- сынып оқушысы Соколов Даниил (жетекшісі Соколова Татьяна Анатольевна) ІІІ орын иеленді, ал физика, космос секциясы бойынша Ақсай қаласының №1 ЖОББМ 4-сынып оқушысы Каламбетов Юрий (жетекшісі Мустафиева Жанар Аманжановна) дипломмен марапатталды. Оқушылардың республика көлеміндегі жетістіктері: Левина Ульяна, республикалық «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумында І орын, Ақсай қаласының №3 ЖОББМ 10-сынып оқушысы, жетекшісі Малкаулова Динара Наурузбаевна. Оразкелдиев Заманбек, «Ақберен» республикалық шығармашылық байқауының  ақындар айтысы бөлімінің Алғыс хат иегері, Ақсай қаласының №5 ЖОББМ 9-сынып оқушысы, жетекшісі Ерманова Гульназ Аманжановна. Жәкібай Кәусар, республикалық  «Жарқын болашақ - 2026» қазақ тілі олимпиадасының «Жас қаламгер» бөлімінің ІІІ орын иегері, Ақсай қаласының №6 МЛ 9-сынып оқушысы, жетекшісі Акашева Кенжеганым Нургалиевна.

WhatsApp Image 2026-08-10 at 11.13.48

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген  білім –адамзаттың қас жауы» деген ұлы ойшыл Әл-Фарабидің сөзі бар. Мектептердегі тәрбие жұмыстары бойынша айтып берсеңіз.

Иә, сапалы біліммен қатар, саналы тәрбие беру білім беру жүйесінің негізгі ұрандарының бірі. Аудан бойынша жалпы білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын 37 мектеп директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, 24 мектеп тәлімгерлері және 600-ден астам сынып жетекшілері жүргізеді.

2025–2026 оқу жылында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша мектеп директорларының тәрбие орынбасарларына,тәлімгерлер мен сынып жетекшілерге арналған 7 аудандық семинары өтті. Ұстаздардың кәсіби шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында аудандық түрлі байқаулар өткізіліп тұрады. Мәселен,   «Сабақ аяқталған соң...» аталымы бойынша Ақсай қаласының №1 ЖОББМ-ің сынып жетекшісі Байедилова Анжела Еламановна облыстық кезеңде ІІІ орынды иеленді. «Үздік сынып жетекші» кәсіби байқауында  Ақсай қаласының №4 ЖОББМ-ң қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, сынып жетекшісі Кайрова Ақгүл — «Үздік сынып жетекші» облыстық байқауда ІІІ орынды иеленді.  Бұл тәрбие жұмысындағы жетістіктерімізге жатады.

Аудан мектептерінде оқушыларды көшбасшылыққа ғана емес, жауапкершілікке, ұйымдастырушылық қабілеттерінің ашылуына қолдау көрсету үшін мектеп Парламенті мен «Жас ұлан» ұйымы жұмыс жасайды. Аудан бойынша «Жас Ұлан» қатарында 8928 оқушы  қамтылса, Мектеп парламентінде 1100 оқушы  қамтылды. Бала тәрбиесіне үлес қосу мақсатында өткен үлкен жиынның бірі 2025 жылы Ақсай қаласының №4 ЖОББМ-де Республика күніне арнап қткізілген   аудандық «Біз біргеміз» атты  жас  патриоттар форумы. Форумға аудан мектептерінің жас патриоттар мен көшбасшыларынан құрылған шығармашылық топтар қатысты, соның ішінде мектеп Президентері, Ұланбасылар және Бала өкілдері бар.

2025 жылы желтоқсан айында Ақсай қаласының №3ЖОББМ  ҚР Тәуелсіздік күніне арналған және «Заң мен Тәртіп» жобасын іске асыру мақсатында өткен «Мен елімнің патриотты ұрпағымын» атты аудандық көшбасшылар слетінің де өз орны бар. Слетке Ақсай қаласының мектептерінің  Президентері, Ұланбасылары, Бала өкілдері және «Жас қыран» балалар ұйымының мүшелері қатысты. Сонымен бірге 2026 жылдың   қаңтарында «Көшбасшылықты дамыту: стратегиялар мен құралдар» оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшылары үшін  білім беру республикалық кезеңінің аудандық интенсиві  өтті. Ақсай қаласының №3 ЖОББМ мектеп Президенті Есетов Батырбек І орынға ие болып, облыстық байқауда дипломмен марапатталды. Сондай ақ, 2026 жылдың 23 ақпан күні Ақсай қаласының №4 ЖОББМ-де «Үздік мектеп парламенті» республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті. Ақсай қаласының №4 ЖОББМ Парламенті І орынға ие болып, облыстық кезеңде дипломмен марапатталды. Сондай ақ, «Адалдық -адамдық белгісі» атты брейн-ринг, 28 пікірсайыс клубы, «Ел ертеңі – білімді жастар» зияткерлік ойыны, «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты  аудандық пікірсайыс турнирі, тәрбие жұмысына қосылған елеулі үлес. Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуін қамтамасыз ету мақсатында мектептерде 2025-2026 оқу жылы 222 үйірме мен  спорттық секциялар жұмыс жасады. Онда 5261 оқушы қамтылды. Бұдан басқа ата-аналар қоғамдастығымен тығыс байланыс орнату мақсатында әр мектепте «Әкелер», «Аналар», «Ата-Әжелер», «Ағалар», «Жеңгелер» клубтарының жұмыстары тұрақты жүргізілуе.

WhatsApp Image 2026-08-10 at 11.14.39

Қосымша білім беру ұйымдары туралы да тарқатып айтып кетсеңіз. Әр бала өзінің қарым-қабілетіне қарай, қызығушылығына орай қосымша өнер үйренгісі келеді емес пе?

Қосымша білім беру жүйесі балаларды тәрбиелеу мен дамыту, оқыту үшін құрылған әлеуметтік институт  ретінде қарастырылады. Ауданның қосымша білім беру жүйесінде  4 мекеме жұмыс жасайды. Қосымша білім беру ұйымдары мазмұнды, тәрбиелік мәні жоғары іс-шаралар арқылы жас ұрпақты жан-жақты дамыту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру жолында жұмыстануда.

Жас туристер станциясында 2025-2026 оқу жылы 114 үйірме ашылып, үйірмелерге қамтылған оқушылар саны 1645 баланы құрады. Аудан мектептері бойынша оқушылардың туристік-өлкетану үйірмелеріне қатысу көрсеткіші 18 % құрайды.

Балалар өнер мектебінде  4 негізгі бағыт бойынша (музыка, хореография, бейнелеу өнері, театр) бөлімдерінде  оқитын 467 оқушыға 30 педагог сабақ береді. 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша республикалық деңгейде 102 оқушы жеңімпаз атанса, 12 оқушы халықаралық деңгейдегі байқауларда жүлдегер атанды.

Балалар музыка мектебінде 337  оқушы білім алады, 30 оқытушы жұмыс істейді, үш бөлім жұмыс жасайды: халық аспаптар бөлімі-186 оқушы, фортепиано бөлімі-74 оқушы, хор және теория бөлімі-77 оқушы. Биыл мектеп қоржыны 101 грамотамен толықты, соның ішінде 10- Гран при, І дәрежелі лауреаттар саны – 41.

«Мектептен тыс жұмысының орталығы» 5 бағыт бойынша жұмыс жасайды: көркем-эстетикалық, әлеуметтік-педагогикалық, экология-биологиялық, ғылыми-техникалық және олимпиада резерв мектебі, Орталықта  26  педагог жұмыстанды, 6-17 жас аралығындағы 860 білім алушы қамтылды. Биылғы жылы көркем-эстетикалық бағыт бойынша 518 білім алушы, бейнелеу өнері, сәндік – қолданбалы өнер, дизайн, домбыра, театр үйірмелері кіреді. Әлеуметтік – педагогикалық бағыт бойынша жас ақындар және ағылшын тілі ұйірмелері жұмыс жасайды, экологиялық – биологиялық бағыт аясында қызықты биология үйірмесі, олимпиада резерв мектебі аясында қазақ тілі, Қазақстан тарихы, физика, биология пәндерінен үйірмелер бар.

WhatsApp Image 2026-08-10 at 11.09.21

Негізгі мақсат сауат ашу, білім беру, азамат ретінде тәрбиелеп шығару. Десе де мектептерде ғылыми жұмыстар да жүргізілетінін білеміз. Талантты оқушылар арасында ғылымға ұмтылу бар шығар.

Халықаралық зерттеулер бар. 2025-2026 оқу жылы 27 қараша күні Ақсай қаласының №6 МЛ «Мектептерге арналған PISA-2025» халықаралық зерттеуі өтті. Бұл зерттеуге 15,3-16,2 жастағы 50 оқушы қатысты.   21-22 сәуір күндері Бөрлі ауданында PIRLS-2026 халықаралық зерттеуі және TIMSS-2027 Халықаралық зерттеуінің апробациялық кезеңі өтті. PIRLS-2026 Халықаралық зерттеуіне Ақсай қаласының №6 МЛ-нен 51 оқушы қатысты. TIMSS-2027 халықаралық зерттеуінің  апробациялық кезеңіне математика мен жаратылыстану пәндері бойынша №4 ЖОББМ-нен  4 сыныптан-40 оқушы, 8 сыныптан-38 оқушы қатысты.

Халықаралық зерттеулер бойынша  22 наурыз күні «Халықаралық зерттеулерге дайындық- шығармашылық ойлау, тапсырмалар дайындау және құрастыру»  тақырыбында семинар өткізілді. Бұл бағытта үміт күтіп отырған оқушыларымыз баршылық.

Айымгүл Мақсотқызы, қазір конституциялық құндылықтар, жасанды интеллект және адами капитал мәселелері күн тәртібіне тұр. Бүл мәселелер де білім беру жүйесінде де басымдылыққа ие деп ойлаймын.

Бүгінгі күннің басты мақсаттарының бірі конституциялық құндылықтарды басшылыққа ала отырып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы сапалы адами капиталды қалыптастыру және білім беру жүйесінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Конституциялық құндылықтар, жасанды интеллект және адами капиталдың негізгі  бағыты-  конституциялық құндылықтарды нығайту, жасанды интеллектті білім беру үдерісіне енгізу, адами капиталды дамыту. Білім беру ұйымдарында заң үстемдігі, әділдік, адам құқықтары мен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру. Азаматтық сана мен патриотизмді дамыту. Академиялық адалдық қағидаттарын нығайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Сонда ғана конституциялық мәдениеті жоғары тұлға қалыптасады, педагогтердің AI-құзыреттілігі артады, білім сапасы мен оқыту тиімділігі жақсарады, цифрлық қауіпсіздік және академиялық адалдық мәдениеті нығаяды, бәсекеге қабілетті, инновациялық ойлайтын адами капитал қалыптасады.

 Ендеше, еліміздің ертеңі,  білім қуған оқушыларымыз бен елдің болашағын тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып жатқан аяулы ұстаздарымызға жаңа оқу жылында сәттілік тілейміз!

 

                                                                                              Сұхбаттасқан Дариға НҰРАШОВА

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале