2.06.2025, 21:00
Оқылды: 324

Жаңа орынбасар таныстырылды

Бүгін Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумовтың төрағалығымен аудан активінің отырысы өтті. Аудандық мәслихат төрағасы, депутаттар, аудандық мекемелер мен бөлімдердің басшылары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен өткен жиында аудан әкімінің жаңа орынбасары таныстырылды.
IMG-20250602-WA0014

Аудан басшысы Нұрлыбек Даумов меритократия қағидатына сәйкес конкурстық комиссияның шешімі негізінде аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалған Азамат Мұхамбетжановтың еңбек жолына тоқталып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік және басқа да маңызды салаларға жауапты беретін орынбасардың қызметіне сәттілік тіледі.

IMG-20250602-WA0024
Активте сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева мен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Елемесов Азамат Мұхамбетжановқа қасиетті Нарын топырағына «қош келдіңіз!» айтып, жұмысына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде су жаңа орынбасар да сөз алып, қошемет білдіріп, тілектерін арнаған әріптестеріне алғысын білдіріп, мүдеден шығуға тырысатынын айтты.
IMG-20250602-WA0006
Мұхамбетжанов Азамат Ермекұлы 1994 жылы 8 шілдеде Орал қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2015 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Қаржы», 2020 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын жастар тәжірибесі бағдарламасымен
Орал қаласы әкімі аппаратынан бастаған. Әр жылдары Орал қаласы әкімі аппаратының әкімшілік-аумақтық даму бөлімінің, ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің бас маманы, облыс әкімі аппаратының стратегиялық даму және цифрландыру бөлімінің, цифрландыру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бөлімінің, ұйымдастыру-инспекциялық жұмыстары бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
2022 жылдың 14 шілдесінен күні бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекциялық жұмыстары бөлімінің бас инспекторы лауазымында қызмет жасаған. Отбасылы.

Ұлпан Әнуарқызы
Суретке түсірген Әділет Абдиров
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале