1.07.2022, 10:45
Оқылды: 49

Жаңа жәдігер әкелінді

Шыңғырлау аудандық тарихи-өлкетану музейі жаңа жәдігермен толықты. Ақсай қаласында тұратын музей жанашыры Жұмағұл Хусайынов атты азамат музейге өткен ғасырдың бірінші жартысында жасалған көне тарантас (арба) бөліктерін сыйға тартты.

д

Ағаш пен темірдің аралас бөліктерінен құралған арбаның «сүйектері» жақсы сақталған. Бұл тарантасты Белогор өңіріне белгіліұста Медірайым атты шебер жасап, қолданған. Ол кісі колхозда темір ұстазы болып еңбек еткен екен. Ұрпақтары әлі де сол жерде тұрып жатыр. Жәдігерді табыстаған Жұмағұлдың әкесі сол кездерде Медірайым ұстаның балғашысы болыпты. Қолхозда еңбек ете жүріп әдемі тарантас жасаған Медірайым шебер салмақты, бір сөзді, қарапайым адам болған. Жұмағұлдың анасы Көркем әжеміз: «Ол кісі темірдей тәртіптің адамы болатын. Отағасын Нұрмұқанбет: Ұста бірдене сұрап алған кісілерге: «Алған жеріңе қой», «орнына қойған дұрыс», - деп айтып жатқанын талай естідім. Ол заманның адамдарының еңбек етуі, бір-біріне сыйластығы ерекше еді ғой, - деп есіне алады. Сонымен музей тарантасты болды. Оны қалпына келтіру, көненің көзіндей етіп көріктендіріп көпшілікке ұсыну – уақыттың еншісінде.

Адақ Шотпанов,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале