22.12.2021, 16:00
Оқылды: 45

Жаңа жылда - жаңа қоныс!

Бүгін Бөрлі ауданы Ақсай қаласында "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынған тоғыз қабатты арендалық тұрғын үй пайдаланылуға беріліп, баспана кезегінде тұрған 126 отбасына пәтер кілттері табысталды.

4dfe0236-11ae-4e30-9937-8035917cd9a6
Айта кетейік, Ақсай қаласында "Нұрлы жер" бағдарламасымен үш тоғыз қабатты үй салыну жоспарланған болса, бұл пайдаланылуға берілген екінші үй. Өткен мамыр айында дәл осындай 126 пәтерлі тұрғын үй "Отбасы банкі" салымшыларына арналып берілген болатын.
Аталған су жаңа баспанаға 40 ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 48 көп балалы отбасы және үйі апатты жағдайда деп танылған бір отбасы қоныстанбақ.
Пәтерлердің ішкі құрылысы толықтай аяқталған. Оныншы шағын ауданда орналасқан үйдің ауласында балалар және спорт алаңдары салынған. Екі балабақша мен мектеп те жақын жерде орналасқан.

68c1e1c5-4480-4e54-8c54-88dd2332346f (1)
Бұл күні қоныс той тойлағандардың қатарында Михаил Шепель естімді Ұлы Отан соғысының ардагері де бар. Майдангерде бір бөлмелі пәтерін жекешелендіруге де рұқсат берілген. Жаңа пәтерге ие болып, қуанған қарияға жергілікті әкімдік атынан теледидар сыйға тартылды.

Мария Пирог,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале