19.05.2025, 23:00
Оқылды: 144

Жаңақала аудандық мәслихатының кезекті XXVIII сессиясы өтті

Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың XXVIII сессиясы өтті. Сессияға мәслихат төрағасы Қамбар Каменов төрағалық етті. Жиынға Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Батыржан Хамидуллин, аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.

image-19-05-25-09-49-3

Күн тәртібінде 2024 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы жөніндегі жылдық есепті бекіту, барлық ауылдық округ әкімдерінің 2024 жылғы жылдық есебінің орындалуы жөніндегі есептерін бекіту, Көпжасар ауылдық округінің 2025 жылдың 4 айы бойынша атқарған жұмыстарының есебі және алдағы жұмыс жоспарлары туралы мәселелер қаралды.

image-19-05-25-09-49-2
Аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы бюджеттің игерілуі бойынша кіріс, шығыс бөлігінің орындалуы туралы егжей-тегжейлі айтып өтіп, Құлшық су құбырының теңгерімі «Коммунал» мекемесіне ауысуы салдарынан, тарифтің шығындарын жаппауы, 2012 жылы модернизациядан өткен көпқабатты үйлердің төлемдері «Қамыс-Самар» ЖШС мен «ОралҚұрылысЖөндеуСервис» ЖШС-не біріктіру туралы құжаттар дайындау жұмыстары, елді мекендердің халық санын тұрақтандыру, арендалық жерлердің сатылуына жол бермеу жөнінде баяндады. Ал Батыс Қазакстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Батыржан Жалитұлы ауданымыздың бюджеттің орындалуында кеткен кемшіліктермен мен жетістіктер туралы баяндап, оң қорытынды бергенін айтып өтіп, кейбір салықтық түсімдер аудандық бюджетке емес, IV деңгейлі бюджетке түсуі керектігін, бюджеттік кодекстегі басшылардың жауапкершілігі, дебиторлық берешек, жеке және заңды тұлғалардың инвестицияларын көбейтуін сөз етті. Сессия қорытындысы бойынша аудандық және ауылдық деңгейдегі жылдық есептер бірауыздан бекітіліп, қабылданды. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы – жергілікті басқарудың пәрменділігін арттыруға, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды.

Сыйлыхан Жұмасалық
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале