27.03.2025, 23:00
Оқылды: 66

Жаңақала ауданы әкімі іссапармен Бірлік ауылында болды

Бүгін аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев Бірлік ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды. Сапар барысындағы жеке қабылдауда тұрғындар тұрғын үй, жұмыссыздық мәселелерін көтерді.

image-27-03-25-06-56-4

Сонымен қатар М.Мирманов атындағы ЖОББМ күрделі жөндеуден өткізу, балық шаруашылығын дамыту, қатқыл табанды жол салу сапасы да ауыл әкімі Ерболат Жакашевпен және депутат Асхат Мағзомовпен бірге талқыланды. Одан әрі құрылысы жүріп жатқан дәрігерлік амбулаторияның, ауыз су тарату мұнарасы мен ғимаратының, мәдениет үй мен спорт залының, балабақшаның жәй-күйімен танысты.

image-27-03-25-06-56-1

Әлеуметтік нысандарды аралап көрген Алпамыс Жаңабайұлы кейбір мәселелерді шешуге міндеттемелер алды. Сапар Үшкемпір елді мекенінде жалғасып түрғындарға биылғы жылы табиғи газ тартылатыны туралы хабарлап, тұрғындармен ауыз су, жол қырып тегістеу, мал бордақылау алаңын ашу туралы пікірлесті.

image-27-03-25-06-56-3

Ал Ақбалшық елді мекеніндегі халықпен кездесуде ауыл тұрғындары кірме жол салу, жаңадан тартылған электр бағаналарынан үйге энергия тарту, мотоцикл айдау заңдылығы туралы және «Ауыл аманаты» жобасы аясында құс өсіру, сүтті сиыр өсіру туралы мәселелер сөз болды.

image-27-03-25-06-56-5

Сыйлыхан Жұмасалық
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале