2.07.2024, 10:00
Оқылды: 53

Жаңақала ауданында мемлекеттік қызмет майталмандары зейнетке шықты

Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан басшысы Алпамыс Көшкінбаев мемлекеттік қызметте ұзақ жыл тер төккен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Сапаров пен жер қатынастары бөлімінің бас маманы Талғат Үмбетовты арнайы қабылдап, алғысхат пен естелік сыйлық табыс етті.

IMG-20240702-WA0007

Алпамыс Жаңабайұлы өңіріміздің экономикалық және әлеуметтік әлеуетін арттыруда өзіндік үлестері мол мәртебелі сала майталмандарының ерен еңбектерін айрықша атап өтіп, жылы лебізін арнады. Өз кезегінде сөз алған Еркін Базарғалиұлы мен Талғат Тілеубайұлы қызметтестеріне ризашылықтарын білдіріп, толағай табыс тіледі.

IMG-20240702-WA0005

Сондай-ақ жиында сала ардагерлерінің әріптестері де ақжарма тілектерін жаудырып, «бейнеттеріңіздің зейнеттерін көріңіздер» деген ниеттерін жеткізді.

IMG-20240702-WA0002

IMG-20240702-WA0003(1)

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале