5.05.2024, 11:30
Оқылды: 34

Жаңақала ауданында айбынды жігіт анықталды

Халқымызда жігітке айтылар сын да көп, қойылар талап та жоғары болған. Бүгінгі 21 ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес, асулардан көрінуі – елге әкелген бақытпен тең. Осы орайда таяуда Жаңақала ауданы әкімдігі мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен аудандық мәдени-демалыс орталығы Мәстексай ауылдық мәдениет үйінде «Айбынды жігіт – 2024» аудандық байқауын ұйымдастырды.

image-04-05-24-04-51

Байқаудың басты мақсаты жас ұрпаққа үлгі болар ұлттық образ жасау, ер-азамат бойындағы ержүректілік пен ермінезділік, дарындылық пен жігерлілікті таныту, спорттық бәсеке, тапқырлық, шеберлік сайыстары арқылы серілік пен сауаттылықты дамыту жән спортқа таласы бар ортасының дарасы болар білімі мен білігі бойынан табылар, құрметі -тектілігінде, құдіреті - жүректілігінде айбынды жігіт төресін анықтау болатын.

image-04-05-24-04-51 (1)

Жан-жақтылықты талап ететін додаға Біржан Айғалиев, Асхат Мүсіріпов, Ерболат Ибрашов, Салауат Ідірісов, Жасұлан Каримов, Мейрам Кенжебекұлы, Алтай Айтымбетов сынды ауылдың атымтай азаматтары демеушілік танытты. Аударыспақ және дәстүрлі садақ ату, таныстыру, өз өнерін көрсету секілді 3 кезеңнен тұрған сайысқа сайыпқыран 9 жігіт қатысты.

image-04-05-24-04-51 (3)

Байқау қорытындысы бойынша мәстексайлық Есенғали Ибатов ІІІ орынның төрінен табылса, жаңақазандық Дархан Алпыс ІІ орынға, жаңақалалық Жасқанат Сыралиев І орынға ие болды.

image-04-05-24-04-51 (2)

Ал бас жүлдеге жаңажолдық Есей Ибрайқұлов лайық деп танылып, жүлдегерлер қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Гүлбағым Негаева,

Жаңақала ауданы 

Мәстексай ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале