4.09.2026, 10:15
Оқылды: 6

Жаңақала ауданында «Әкем, анам және мен – туристік отбасы» жарысы басталды

Жаңақала ауданында «Әкем, анам және мен – туристік отбасы» атты облыстық жарыстың ашылу салтанаты өтті.

0b2c27be-90cf-4b3f-b425-70fe85f541bb

Тартысты додаға әр ауданнан қатысушы командалар жиналды. Барлығы 8 отбасы 3-5 қыркүйек күндері өтетін туристік сайыста бақ сынайтын болады. ҚР Мемлекеттік Әнұраны щырқалғаннан соң, алғаш құттықтау сөз аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлына ұсынылды.

1f6e31b7-3c

Аудан басшысы қатысушы жанұяларға өз лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Содан соң, «Жас туристер станциясы» мекемесінің басшысы Қуат Жарасұлына аталмыш кешеннің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында су жаңа «Газель» автокөлігінің кілтін табыс етті.

Әрі қарай, БҚО әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығының директоры Айгүл Қадырбайқызына сөз берілді. Ол байқауға қатысушы отбасыларға ақжолтай тілегін білдіріп, туристік көпсайысқа қолдау білдірген аудан әкімдігіне өз алғысын білдірді. Жарыстың бас төрешісі – БҚО әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығының туризм және қауіпсіз маршруттар бөлімінің меңгерушісі Кәмшат Неталиева болса, хатшы - орталық әдіскері Альберт Мәлікұлы. Медет Ахметқалиұлы, Саясат Рашидұлы, Самат Түсіпқалиұлы, Талап Оразалыұлы, Гүлшат Мұхамбетқалиқызы қашықтықтар мен байқаулар төрешілерінің қатарында.

Сайыстың әділ өтуін бақылап, оң баға беретін білікті төрешілердің қатары таныстырылған соң, кеш соңында аудандық мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары жиналған қауымға әншашуын ұсынды. Айта кетейік, үш күнге созылатын спорттық ойындарға 7-15 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Олар ата-аналарымен бірге құзға өрмелеу, лабиринт, кедергілер жолағы, эстафеталық қашықтық, музыкалық сәлемдеме сынды түрлі қызықты кезеңдерден өтетін болады. Аталған байқаулардың барлығы далалық жағдайда өткізіледі.

6264b750-64d5-43ff-8ebe-d011aa1c5378

Сондай-ақ, «Туристік тұрмыс және  дағды» бағамы бойынша әр топ шатыр тігіп, табиғат аясында ас әзірлейтін болады. Спорттық сайыс сенбі күні қорытындыланады.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале